Нұрсұлтан Байтілесов Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Қарулы Күштерінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Президенті Әкімшілігімен келісе отырып, Нұрсұлтан Төленұлы Байтілесов Жоғарғы Сот төрағасының бұйрығымен Жоғарғы Сот аппараты басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Нұрсұлтан Байтілесов Президенттік жас кадрлар резерві құрамында болған.
Нұрсұлтан Төленұлы Байтілесов 1991-жылы Оңтүстік Қазақстан облысында өмірге келген. 2009-жылы Астана қаласындағы ҚазГЗУ-дің колледжін "Құқықтану" мамандығы бойынша, 2016-жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін "Заңтану" мамандығы бойынша аяқтаған. 2016-жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде заңтану мамандығы бойынша тереңдетілген білім алып, заң ғылымдарының магистрі дәрежесін иеленген.
2009-жылдан бастап Астана қаласының Алматы аудандық сотының жетекші маманы, кейін Атырау және Павлодар облыстық соттарында, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінде, Әскери Сотта жауапты қызметтер атқарған.
2016-2018 жылдары Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің халықаралық байланыстар және протокол бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған.
Осы жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін ол Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы болды.