Халықтың талабы заңды. Тоқаев Үкіметте мәселенің ашығын айтты

Кез-келген жоспарды жақсы орындағанда ғана ол керемет болып саналады.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппараттың шешімдері баяу қабылданатынын сынға алып, бұл тұрғыда түбегейлі өзгерістер қажет екенін атап өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

- Мемлекеттік аппарат нормативтік актілерге көп шұқшиып, ведомствоаралық үйлестіруге уақыт жұмсап негізгі шешімдерді баяу қабылдайды. Халықаралық бәсекелестіктің қатаң жағдайын және халықтың заңды талаптарын ескерсек, енді бұлай жұмыс істеуге болмайды. Мұндайда реформаларды "тізеге сала отырып" жүргізуге тура келеді, - деді ол.

Ол жақсы орындағанда ғана кез келген жоспарымыз керемет болып танылатынын ерекше атап өтті.

- Бұл мәселе тек мемлекеттік қызметке қатысты емес. Мемлекеттік басқару тұжырымдамасы неғұрлым кең ұғым, ол азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет көрсету моделін құруды қарастырады. Бізге мемлекеттік аппараттың құрылымын, мемлекеттік органдардағы адамдардың оңтайлы санын анықтау керек. Ал мемлекеттік аппарат – мұндағылардан тек нәтиже мен сәттілік талап етіліп, сұралады. Жыл соңына дейін біз басқару сапасында алға жылжи түсуіміз керек. Қазір біз президенттік резервті жасақтадық. Бірақ бұл жеткіліксіз. Мен әкімдерден резервистерге назар аударуды сұраймын. Мемлекеттік қызметте пайдалы бола алатын бізде мықты жастар бар, - деді Президент.

Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметкер қағаздағы есепке емес, нәтижеге қарап, бағыт-бағдар алуы керек деп санайды. Тоқаевтың пікірінше, селқостық, бастамашыл болмау, шешім қабылдаудан қашқақтау - құқық қорғау органдарының ерекше қадағалауының нәтижесі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: