Күдебаев Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы болды

zakon.kz
Ол бұған дейін Алматы полициясының бастығы болған.

Президент Әкімшілігінің және облыс әкімінің келісімі бойынша Алматы облысы полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Серік Мырзақұлұлы Күдебаев тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Полиция генерал-майоры Ұрымханов Мұрат Жәлелұлы кадр резервіне алынды.

Полиция департаментінің жаңа бастығын жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

С.М.Күдебаев 1965 жылы туған, ішкі істер органдарында 1990 жылдан бастап қызмет етеді. Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. 2009-2013 жылдары Алматы облысының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, одан кейін бастығы болып жұмыс істеді.

2013 жылдың қазан айынан бастап Алматы қаласының полиция департаментін басқарды.

Серік Күдебаев 1965 жылы Алматы облысында туған.

Қазақ және орыс тілдерін меңгерген.

КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген, мамандығы заңгер.

Әр жылдары Алматы облысы Жамбыл ауданы Мемлекеттік тергеу комитетінің қылмыстық тергеу бөлімінің бастығы, Жамбыл облысы Криминалды полиция басқармасының бастығы, Қарасай аудандық ішкі істер басқармасында бастық болып жұмыс істеген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды