Алматы қаласы полициясына жаңа басшы тағайындалды

Лада
Бұл лауазымды қызметке Қанат Таймерденов келді.

Қанат Таймерденов Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды. Бұған дейін ол Маңғыстау облысының полиция бастығы болып қызмет еткен, деп хабарлайды zakon.kz.

Таймерденов Қанат 1974 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Ішкі істер министрлігінің академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген. Үйленген, бес баланың әкесі. Ол қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген.

Еңбек өтілінің әр жылдары ол Алматы облысы Ішкі істер департаменті Тергеу комитеті Ұйымдасқан қылмысты бақылау департаментінің аса маңызды істер жөніндегі бөлімінің бастығы, Талғар аудандық ішкі істер басқармасының бастығы, Алматы қаласы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. Жаңа қызметіне дейін ол Маңғыстау облысының ішкі істер департаментінің бастығы болған.

Алматы қаласының бұрынғы полиция бастығы Серік Күдебаев Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы болып кетті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік