Журналист Жасұлан Көжеков қайтыс болды

azattyq.org
Жасұлан Көжеков 1969 жылы туған.

Журналист Жасұлан Көжеков қайтыс болды деп хабарлады журналистің туыстары мен жақын әріптестері. Жақын достарының айтуынша, Жасұлан Көжеков 30 қаңтарда таңертең Түркияның Анталья қаласында көз жұмған.

Оның неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз. Ол бірнеше жыл бұрын Қазақстаннан Түркияға көшіп кеткен, деп жазады Азаттық.

"Бүгін Түркияда бауырымыз әрі әріптесіміз Жасұлан Көжеков мезгілсіз қайтыс болды. Қазақстанның журналистік қауымдастығы үшін орны толмас қаза. Иманды болсын" деп жазды журналистің бұрынғы әріптестерінің бірі Артур Нығметов Facebook желісінде.

Жасұлан Көжеков 1969 жылы туған. Атыраудың мемлекеттік университетін тәмамдаған. Жақын әріптестерінің айтуынша, 90-жылдары Atyrau Today тәуелсіз басылымын ашып, өткір қоғамдық-саяси мәселелерді қозғаған. Бірақ кейіннен бұл басылым жабылған.

Жасұлан Көжеков 2009-2011 жылдары Азаттықтың Атыраудағы тілшісі болды. 2010 жылы Соғыс және бейбітшілік институтының адам құқығы саласында тағайындаған беделді сыйлығына ие болған.

Көжеков мұнай саласында сараптама мақалалар жазған. Соңғы жылдары публицистикамен айналысқан. Оны жақсы білетін әріптестері "батыл жазатын журналист, өмірге құштар адам болған еді" дейді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды