Израиль мен Мысыр елдері Қазақстанмен еркін сауда-саттық аймағын құруы мүмкін

Жақында Сербиямен және Сингапурмен еркін сауда-саттық туралы келісімдерге қол қойылды.

Қазақстан Израиль және Египетпен еркін сауда аймағын құру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл бағытта күтілген экспорттың өсімінің мөлшері 790 млн доллардан асады, - деді алқалы жиында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, еркін сауда аймақтарын құру - аймақтық сауданы тиімді дамыту тетіктерінің бірі.

- Бұл - тарифтерді, тарифтік емес кедергілерді (квоталар, техникалық кедергілер және басқалар) өзара жою арқылы тауар нарықтарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін сауданы ырықтандырудың тиімді құралдарының бірі. Мәселен, Вьетнаммен еркін сауда-саттық келісімі 2016 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істеп жатыр. Осы уақыт ішінде тауар айналымы көлемі 51% -ға өсті (366,3 млн доллар болса бұрын, қазір 554,3 млн доллар). Иранмен уақытшааралық келісім 2019 жылдың қазан айынан бастап өз күшіне енген. Қазақстан үшін сиыр еті, өсімдік майы, кондитерлік өнімдер және макарон өнімдеріне импорттық баж салықтары төмендетілді, - деді министр.

Сонымен қатар, жақында Сербиямен және Сингапурмен еркін сауда-саттық туралы келісімдерге қол қойылды. Бұл елдерге экспортты ұлғайту әлеуеті сәйкесінше 150 млн және 416 млн долларды құрайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: