Экс-вице-министр Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

zakon.kz
Ұлан Жазылбек басқа жұмысқа ауысуына байланысты облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

Сұңғат Есімханов Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін ол ҚР энергетика вице-министрі болған, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол соңғы лауазымды қызметінен 4 ақпанда босатылды.

Сұңғат Есімханов 1973 жылы 30 қарашада Павлодар облысында дүниеге келген. 1996 жылы Павлодар индустриалды институтын, 2007 жылы Қарағандының ​​«Болашақ» өзекті білім беру институтын тәмамдаған.

Ол еңбек жолын 1996 жылы "Алюминий Қазақстан" АҚ-тың гидрометаллургиялық цехында инженер болып бастаған.

2001-2007 жылдары Астана, Ақтау, Қарағанды қалалары бойынша ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің құрылымында маман, бөлім басшысы, департамент директоры қызметтерін атқарған.

2008-2010 жылдары Павлодар облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды.

2010-2013 жылдары — "Қазақэнергосараптау" АҚ президенті болды.

2013-2014 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2014-2018 жылдары — ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2018 жылғы қарашадан бастап қазіргі таңға дейін ҚР энергетика вице-министрі қызметін атқарды.

"Қазақстан Республикасының 10 жылдығы" және "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" медальдарымен марапатталған.

Ұлан Жазылбек басқа жұмысқа ауысуына байланысты облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз