Тшанов басқаратын колледж оқудан шығарып жіберген бозбала шетелде І-орын алды

Осындай қысымға қарамастан І-орын алған бозбаланы желідегілер жаппай құттықтап жатыр.

Әлеуметтік желіде шетелдегі жарыстардың бірінде Қазақстан туын желбіретіп, қуанған спортшы бозбаланың видеосы тарап жатыр. "Бұл баланы Тшанов басқаратын колледж оқудан шығарып жіберген, ал Серік Сәпиев "тәртібі нашар" деп оған мінездеме берген", - дейді заңгер Айгүл Орынбек, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаржылық және осындай қиындықтарға қарамастан І-орын алған бозбаланы желідегілер жаппай құттықтап жатыр.

Айта кетелік, заңгер бұл жарыстың кеше Дубайда Фуджейро қаласында өтті деп атап көрсеткен. Кейбір мәлімет бойынша, ол Түркияда өтуі де мүмкін.

"Спорт және мәдениет министрлігі керек етпеген Нұрасыл, бүгін Дубайда Фуджейро қаласында 1-орын алды. Қолыңа байрағын алып секеңдеген құлыным ау, мемлекетке сенің жеңісің керек емес! Сен бұл елге бағынып құл болып, жемқорлардың қарнын тойдыру үшін керексің! Осы чемпионатқа әркімнен ақша жинап әрең кеткеніңді білем. Енді жүрсің осы елдің жалауын көтеріп. Чемпион ағаң, Серік Сәпиев сендерді "тәртібі нашар"- деп айтты кешегі сұқбатында. Чемпион ағаңды да креслоның буы ұрыпты ботам. Білім алып жүрген колледжіңнен достарыңмен заңсыз шығарғандарымен қоймай, енді тәртіпсіз бұзық балалар қылып көрсетіп жатыр сендерді... Мықты бол балапан, жеңісің құтты болсын! Айгүл Орынбек апаң және қара халқың әрқашан қолдайды сені! Сағың сынбасын, қолыңдағы байрағың төмен түспесін! Жасы сексенге келген зейнеткер, Тшанов мырза басқаратын колледждің шығарып жіберген оқушысы бүгін жеңіске жетті", деп жазды заңгер Айгүл Орынбек Facebook-тегі парақшасында.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: