Коронавирусты алғаш анықтаған дәрігер көз жұмды

am730
Соңғы мәлімет бойынша Қытайда осы кеселден қаза тапқандардың саны 618-ге дейін өсті.

Қытайда коронавирусты алғаш рет анықтаған дәрігер осы дерттен 7 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 3 кезінде ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды zakon.kz "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін мамандар оның ауыр халде жатқанын хабарлаған болатын. Ли Вэньлян Ухань қаласында көз дәрігері болып жұмыс істеді. Маман жеті науқастың белгісіз дертке шалдыққанын түсінген соң желтоқсанның 30-ы күні бұл туралы әріптестеріне хабарлады. Оның бұл мәлімдемесі ғаламторда лезде тарап кеткеннен кейін көп ұзамай Ли Қоғамдық қауіпсіздік басқармасына шақырту алып, онда жалған ақпарат таратып жүргені жайлы қолхатқа мәжбүрлі түрде қол қойған. Дәрігер өзін жайсыз сезінген соң қаңтардың 12-сі күні ауруханаға түскен, ал ақпанның 1-і оған нақты коронавирус диагнозы қойылды.

Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша Қытайда осы кеселден қаза тапқандардың саны 618-ге дейін өсті. Ал індетке шалдыққандардың қатары 28 мыңнан асты. Қазір 3859 науқас ауыр халде жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды