Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Отырар ТВ
Бұл лауазымды қызметке Исахов Мақсұт Пернебайұлы келді.

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің орынбасары болып Исахов Мақсұт Пернебайұлы тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мақсұт Пернебайұлы 1974 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы өндірісінің экономист-ұйымдастырушысы, заңгер.

Еңбек жолын ішкі істер басқармасынан бастаған Мақсұт Пернебайұлы еліміздің бірқатар облыстарында кеден саласында, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясында қызмет атқарған.

Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары, Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу комитеті төрағасының орынбасары, Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, аталған қалада энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Бүгінгі күнге дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарып келген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады