Есімов Президентке есеп берді

Ақорда
Қазақстан Президентіне Ұлттық әл-ауқат қорының 2019 жылғы жұмыстарының нәтижелері баяндалды.

Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне Ұлттық әл-ауқат қорының 2019 жылғы жұмыстарының нәтижелері баяндалды.

Ахметжан Есімовтің айтуынша, қордың негізгі өндірістік және қаржылық көрсеткіштері артқан. Кіріс көлемі 2018 жылғы 10,1 триллион теңгеден 2019 жылы 10,7 триллион теңгеге артып, таза пайда 2018 жылы 1,1 триллион теңге, ал 2019 жылы 1,2 триллион теңге болды. Қордың активтері 10 пайызға артып, 26,5 триллион теңгеге жетті.

Сонымен қатар "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы отандық өндірісті қолдауға, сатып алулар ісіндегі жергілікті кәсіпорындардың үлесін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар енгізу жөнінде мәлімет берді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды