"Қордай ауданынан жұрт кетіп жатыр" деген видеоға қатысты шекарашылар түсінік берді

видеодан алынды
Бақылау-өткізу пункттері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Желіде Жамбыл облысының тұрғындары елден жаппай кетіп жатыр-мыс деген тұспалды видео жарияланып, ол қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Кешегі жағдайдан кейін адамдар елден кетіп жатыр, - делінген видео астындағы жазбада.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі қазір шекарада не болып жатқанын айтып берді.

Бақылау-өткізу пункттері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Азаматтар ағымының өсуі немесе төмендеуі байқалмайды, - дейді шекара қызметіндегілер.

Олар демалыс күндері әрі-бері жүретін жолаушылар осылай көп болатынын айтты.

Сондай-ақ, шекара қызметін күшейту деген болмағынын да айтты. Шекарашылар, әдеттегідей, тек құқық қорғау органдарымен байланыса отырып жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды