Бахрейнде қазақстандық жас қыздар сексуалдық құлдықтан босатылды

УНИАН
Жақсы жалақы төлейміз деген уәдеге сенген жас қыздар Бахрейнге қонақ үйде қызмет көрсету саласында жұмыс істеуге келген.

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшілігінің жәрдемімен Бахрейн полициясы ҚР азаматшаларын сексуалдық құлдықтан босатты, деп хабарлайды zakon.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшілігінің жәрдемімен Бахрейн полициясы Қазақстанның 21 азаматшасын сексуалдық құлдықтан босатты.

Жақсы жалақы төлейміз деген уәдеге сенген жас қыздар Бахрейнге қонақ үйде қызмет көрсету саласында жұмыс істеуге келген. Алайда, келген бойда күтіп алушылар құжаттарын тартып алып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Бағынбаған жағдайда күш көрсеткен.

Қазіргі уақытта барлық күдіктілер, соның ішінде қазақстандық азаматшалар ұсталып, тиісті тергеу жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер арнайы оңалту орталығына орналастырылып, жуық арада Қазақстанға қайтарылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын қашан жариялайтынын айтты

21 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

2027 жылдан бастап АӘК беру мөлшері мен шарттары бекітілді

"Қыстың жақындағаны сезіледі": Қазақстанда ауа температурасы -10°C-қа дейін төмендейді

Алматыдан Павлодарға ұшып шыққан ұшақ әуежайға оралды