Тоқаев су қауіпсіздігінің барлық аспектісін тыңғылықты талдауды тапсырды

Ақорда
Сонымен қатар Мағзұм Мырзағалиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа су ресурстарын басқару және геологиялық барлаудың жаңа мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеу жұмыстары туралы баяндады.

Қазақстан Президенті Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Кездесу барысында Мағзұм Мырзағалиев министрлік жұмысының негізгі бағыттары бойынша Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы туралы есеп берді.

"Қазақстан Президентіне Экологиялық кодекстің әзірлену барысы жөнінде мәлімет берілді. Министрдің айтуынша, Кодекстің жобасын дайындау кезінде жұртшылықтың пікірі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердің озық тәжірибелері ескеріліп, Парламент қарауына енгізілген", делінеді Ақорда хабарламасында.

Сонымен қатар Мағзұм Мырзағалиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа су ресурстарын басқару және геологиялық барлаудың жаңа мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеу жұмыстары туралы баяндады.

Мемлекет басшысы министрге тиісті бағдарламаларды дайындау барысында еліміздегі су қауіпсіздігінің барлық аспектілерін мұқият талдауды тапсырды. Сондай-ақ геологиялық барлау саласына шетелдік инвесторларды тартудың маңыздылығын айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз