Тоқаев Мюнхен қауіпсіздік конференциясына шақырту алды

ehonews
Сондай-ақ бұл жиынға Сыртқы істер министрі де барады.

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясына шақырту алғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан Президентін бұл конференцияға ұйымдастырушылар шақырды, әрине ол шақыруды қабылдады және оған қатысатын болады, - деді министр Тілеуберді Мәжілістен тыс журналистерге берген сұқбатында.

Сондай-ақ ол бұл халықаралық жиынға өзінің де шақырту алғанын қоса кетті.

Маған бөлек шақырту келді, әрине, мен Президентпен бірге еріп баратын боламын. Әріптестеріммен екіжақты кездесулер жоспарланған, Президенттің кездесулері де бар. Мен үшін көпжақты Альянс форумына қатысу өте қызықты - бұл еуропалық бағыттағы жаңа бағыт. Біз бұл өзгерістерді зерделеп, осы одақтың қызметіне белсенді қатысуға мүдделіміз, - деп түйіндеді сөзін ол.

2020 жылы Мюнхенде жыл сайынғы қауіпсіздік конференциясы 14-16 ақпан аралығында өтеді. Оған 40-тан астам елдің, сондай-ақ бизнес және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды