Қытайдан оралатындарды тасыған ендігі ұшақ Нұр-Сұлтанға емес, Алматыға қонады

zakon.kz
Бұған дейінгі барлық ұшақ Нұр-Сұлтанға ұшып келген, ал карантинге дайындалған аурухана орындары толып кетті.

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді коронавирустық инфекцияға байланысты Қытайдан Қазақстанға эвакуацияланатындардың тізіміне қатысты түзету болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

12 ақпанда ұшақ ұшып шығады. Онымен 155 адам елге оралады деп күтіп отырмыз. Өтініштер қабылданып, біз бәрін реттеп жатырмыз, ұшақ қашан ұшады, сол кезде соңғы цифрды жариялаймыз, - деді Тілеуберді Мәжілістен тыс журналистерге берген сұқбатында.

Ол ұшақтың 12 ақпанда кешке ұшуға жоспарланғанын еске салды.

Ұшақ Алматыға қонады, өйткені онда карантин орны әзірленіп қойған. Барлық жолаушылар тегін тасымалданады, деп сендірді министр

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қытайға тек екі рейс жоспарланған және олар орындалуда.

Әзірге қайтқысы келгендердің саны осы, әйтпесе ұшақта әлі бос 60 орын бар. Бұған дейінгі барлық ұшақ Нұр-Сұлтанға ұшып келген, ал карантинге дайындалған ауруханалар толып кетті, сондықтан біз ендігі жолаушыларды Алматыға жолдамақпыз, - деді министр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды