Жамбыл облысының прокуроры ауысты

gov.kz
Нұрғалым Әбдіров Жамбыл облысының прокуроры болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының келісімімен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының а.ж. 12 ақпандағы бұйрығымен Жамбыл облысының прокуроры болып 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әбдіров Н.М. 1967 жылы туған. Қарағанды мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарында қызметін 1991 жылы бастаған.

Басшылық қызметтерде тәжірибесі мол.

Бас прокуратураның үш Департаментін басқарған.

Олар: Арнайы прокурорлар, тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау, ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау департаменттері.

Сонымен қатар Астана, Алматы, Оңтүстік-Шығыс өңірлік көлік прокурорларының бірінші орынбасары қызмет атқарған, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облысы прокуратураларын басқарған.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 28 жылдан астам.

Осыған дейін Жамбыл облысы прокурорының лауазымын атқарған Құсайынов Ж.Қ. Бас прокуратураның өкіміне енгізілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған