СҚО әкімдігің шенеунігі пара алғаны үшін сотталды

zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары пара алғаны үшін сотталды.

Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұрын "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" басшысының орынбасары Ғ.Х. Тасболатовқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқталды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап.

Ол ЖШС директорынан СҚО Ақжар ауданының автокөлік жолдарын қарау және қызмет көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсын жеңіп алуға қолдау жасағаны үшін 200 мың теңге сомасындағы параны бопсалап алу бойынша күдікті болған.

12 ақпанда Петропавл қаласы сотының үкімімен Тасболатов 4 млн 500мың теңге көлеміндегі айыппұлға және өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырумен сотталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз