Қазақстанда жалақы индексациясын заңмен бекіту ұсынылды

domjilserv.ru
Еңбекақыны индексациялау мәселелері еңбек заңнамасында тікелей ескерілмеген, себебі жұмыс берушілер қауымдастығы бұған келіспеген.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жалақыны міндетті индексациялауды заңнамалық тұрғыда бекіту жайы қарастырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Мен жалақыны индекстеу керек деп санаймын. Өкінішке орай, бізде мұндай норма жоқ. Еңбек қатынастары - мемлекеттің де, жұмысшылардың да, жұмыс берушілердің де мүдделері ескеретін әлеуметтік серіктестікке негізделген - деді Нұрымбетов.

Оның айтуынша, әзірге индексация мәселелері еңбек заңнамасында тікелей ескерілмеген, себебі жұмыс берушілер қауымдастығы бұған келіспеген. Енді заңнамадағы осы жерді жөндеуге бел буып отырмыз.

Өкінішке орай, осы уақытқа дейін еңбек заңнамасындағы индекстеу мәселелері жұмыс берушілер қауымдастығы келіспегендіктен шешілген жоқ. 2016 жылы біз индекстеуді үш жақтың салалық келісімінде міндетті түрде қамтылуы тиіс мәселе ретінде белгілеуге қол жеткіздік. Біз осы бағытта жұмыс істей отырып, кәсіподақ ұйымдарымен бөлек жұмыс тобын құрамыз, - деп сөзін қорытындылады Еңбек министрі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі