Алматыда діни ағым ұстанушылары теракт жасамақ болды

ҚР ҰҚК
Тергеу жалғасуда.

2020 жылғы 14 ақпанда ҚР ҰҚК жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру нәтижесінде Алматы қаласында деструктивті діни ағымның 2 ұстанушысын ұстап, сот санкциясымен қамауға алды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Олардың мекенжайлары бойынша тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, оны жасауға арналған құрамдас бөліктер, суық қару, шабуылдау көзделген объектілердің фото және бейне түсірілімдері бар смартфондар алынды.

Көрсетілген адамдарға қатысты терроризм актісіне дайындалу (ҚР ҚК 255-бабы) және терроризмді насихаттау (ҚР ҚК 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Тергеу материалдары бойынша, қамауға алынған адамдар республика аумағында, соның ішінде адамдар көп шоғырланған орындарда террористік актілер дайындаған.

Тергеу жалғасуда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды