"Си Цзинпин кет" деп шыққан жігітті билік ұстап алды

China Daily (Reuters)
Чжиюн бұған дейін шенеуніктердің байлығы туралы ақпарат іздегені үшін төрт жылға сотталып шыққан.

Қытайда төраға Си Цзинпиннің қызметінен кетуін талап еткен құқық қорғаушы, белсенді Сюй Чжиюн ұсталды. Бұл туралы жергілікті құқық қорғаушылар хабарлады, деп жазады centralasian.org.

Олар диссиденттің ұсталуын сөз еркіндігін шектеу және коронавирус туралы мәліметтерді бақылау бойынша Қытай билігінің кезекті саясаты деп бағалап жатыр.

"Жаңа азаматтар қозғалысы" деп аталатын әлеуметтік кампанияның бастамашысы Сюй Чжиюн Гуанчжоу провинциясында әріптесі Ян Биндің үйінде ұсталған.

Жексенбі күні оны жасырып келгені үшін үй иесі мен оның ұлы ұсталып, көп өтпей босатылған. "Америка дауысы" жаңалықтар қызметі хабарлағандай, полиция журналистерге бұл оқиға бойынша жауап беруден бас тартқан.

Қытай полициясы былтыр желтоқсанда Фуцзянь провинциясындағы жасырын кездесуге қатысушыларды іздей бастаған. Іс-шараға қатысқан 20-ға жуық белсенді және құқық қорғаушылар арасында Сюй Чжиюн да болған.

Ақпан айының басында Си Цзинпин коронавирус эпидемиясы мен Гонконгтағы наразылық акцияларын тоқтата алмай тұрғандығы жазылған Сюй Чжиюнның эссесі жарияланған.

Осыған дейін Чжиюн ішкі мигранттардың құқықтарын қорғаған кампанияға қатысқаны және шенеуніктердің байлығы туралы ақпаратқа жетуге әрекет еткені үшін төрт жылға сотталып шыққан.

АҚШ-та тұратын қытайлық құқық қорғаушы Тэн Бяо қазіргі эпидемия билік үшін қоғамды күшейтуге сылтау болып жатыр дейді. Ол Америкаға көшіп барғанға дейін Қытайда бірнеше рет қамауға алынған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Білім беру жинақтау салымы бойынша түзетулер енгізілді

Астанада Тарихшылардың ұлттық конгресінің форумы өтті

Тұман, көктайғақ: ертең қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Қазақстандағы мобильді аударымдар: қандай азаматтар тексеріледі