Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары жаңадан тағайындалды

Баспасөз қызметі
Бұл лауазымды қызметке Сарпеков Мәди тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының өкімімен Сарпеков Мәди Набиұлы Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мәди Сарпеков 1979 жылы туған. Прокуратура органында 2000 жылдан бастап үздіксіз жұмыс істеп келеді.

2000-2002 жылдары Астана қаласы Сарыарқа ауданы прокурорының көмекшісі, Астана қаласының прокуратурасында жұмыс істеді.

2002-2005 жылдары Бас прокуратурада түрлі лауазымдарда, Бас прокурордың орынбасарының көмекшісі және Бас прокурордың көмекшісі болып жұмыс істеді.

2005-2017 жылдары Алматы облысы Кербұлақ, Райымбек, Іле аудандарының прокуроры болды.

2017 жылдан 2020 жылға дейін Алматы облысы прокуратурасы басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.

Ведомстволық наградалармен марапатталған. Үйленген, 4 баласы бар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады