Ислам Әбішев бес жылға сотталды

malim.kz
Сот Серік Түкиевті төрт жылға бас бостандығынан айырды.

Астаналық ауданаралық сотта Су ресурстары комитетінің бұрынғы басшысы Ислам Әбішев пен Қазақ күресі федерациясының вице-президенті Серік Түкиевке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды zakon.kz МӘЛІМ сайтына сілтеме жасап.

Судья Қажымұқан Мекемтас Ислам Алмаханұлын бес жылға (мерзімін қоныс колониясында өтейтін болады), Серік Түкиевті төрт жылға бас бостандығынан айырды.

Олар сот шешімімен келіспейтінін және апелляциялық шағым түсіретіндерін айтты.

Сонымен қатар, судья адвокат Абзал Құспан сотқа жала жапты деп, журналистер Өмірзақ Ақжігіт, Сәуле Әбілдаханқызы сот беделін түсірді деп шешім шығарды. Және бір айдың ішінде шара қолдануға прокуратураға тапсырды.

Су ресурстары комитетінің экс-төрағасы Ислам Әбішев былтыр наурыз айында қамауға алынған еді. Оған бопсалау арқылы 60 млн теңгеден астам пара алуға оқталды деген айып тағылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты