Ертең Уханнан тағы екі Қазақстан азаматы елге оралады

unian.net
Украина өз азаматтарын алып қайту үшін ұшақ шығарды, сонымен келеді олар. Ұшақ Алматыға техникалық жағдайда қонады.

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мәжілістен тыс журналистерге берген сұқбатында ертең Уханнан тағы екі Қазақстан азаматы оралатынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Біздің екі азамат ертең Уханнан оралады. Украина өз азаматтарын алып қайту үшін ұшақ шығарды, сонымен келеді олар. Ұшақ Алматыға техникалық жағдайда қонады, яғни біздің азаматтарды түсіріп, өздері ары қарай Киевке ұшады, - деді Тілеуберді.

Сонымен бірге министрден қазақстандық дипломаттардың отбасыларын эвакуациялануы мүмкін бе екені де сұралды.

Ол жақтағы дипломаттардың отбасыларын эвакуациялағанбыз, тек жұбайларымен бірге қалғысы келгендер өз еркімен сонда қалды. Біздің дипломаттар, барлық мекемелер штаттық режимде жұмыс істеп тұр, - деп түсіндірді министр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды