Данияр Қайсанов күрестен екі дүркін Азия чемпионы атанды

Olympic.kz
Шешуші кездесуде ол Үндістан спортшысын 3:1 есебімен жеңіп, еркін күрестен ел қоржынына алғашқы алтынды салды.

Үндістан астанасы Нью-Делиде күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық балуан жеңімпаз атанды, деп хабарлайды zakon.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

74 келіге дейінгі салмақта белдескен балуан Данияр Қайсанов жарыс барысында қарсылас шақ келтірмеді. Шешуші кездесуде ол Үндістан спортшысын 3:1 есебімен жеңіп, еркін күрестен ел қоржынына алғашқы алтынды салды.

Ол жартылай финалда жапон балуаны Даичи Такатаниді, ширек финалда ирактық Карам Шакирді ұтты.

Айта кетерлігі, Данияр Қайсанов былтыр Қытайдың Сиянь қаласында өткен құрлықтық біріншілігінде жеңімпаз атанған болатын. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда өткен әлем біріншілігінде 74 келіге дейінгі салмақта Олимпиада лицензиясына иелік етті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз