Қоянқұс, Ынтымақ, Жаңатұрмыс – Алматыда №215 және №226 автобустар шықты

Алматы қаласының әкімдігі
Автобустардың жұмысы 6-00-де басталып, 22-40-та тоқтайды.

Алматыда №215 және №226 деген жаңа автобус маршруттары пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz inAlamty.kz-ке сілтеме жасап.

"Олжас LTD" ЖШС-інің бес автобусы №215 маршрутқа шығып, Алматы облысындағы Ынтымақ ауылынан Сүйінбай даңғылындағы "Түрксіб" базарына дейін жүретін болды. Жолға кететін уақыты ары бір сағат, бері бір сағат болады.

"Бағыттағы автобустар арасындағы интервал 24 минут. Автобустардың жұмысы 6-00-де басталып, 22-40-та тоқтайды", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Ал №226 маршрутты "Думан транс" ЖШС-і іске қосты, ол Жаңатұрмыс — Гроза аялдамасы бағытында жүреді. Бұл автобустар сағат 23-00-ге дейін жүреді, күніне 8-9 рейстен жасайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады