Әлеуметтік желіде коронавирус туралы жалған ақпарат тараған

Eugene Hoshiko / AP/TASS
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын ресми түрде хабарлады.

Әлеуметтік желіде коронавирустық инфекция туралы ҚР Үкіметінде өткен шұғыл жиналыс туралы ақпарат жаппай тарай бастады. Бұл мәлімет ешқандай шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Әлеуметтік желі мен WhatsApp мессенджері арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінде коронавирустық инфекцияға қатысты шұғыл жиналыс өтті, онда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың елімізде тарағанын жоққа шығармады, енді мектеп оқушылары мен студенттерді кезектен тыс демалысқа жіберу жоспарланып, барлық қоғамдық шаралардың өтуіне шектеу қойылып, қоғамдық көліктерде жаппай тексеру жүргізіледі-мыс, ал 2 наурыздан бастап барлық мемлекеттік органдар қатаң режимге (маска киюге) көшеді, делінген хабарламада.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын ресми түрде хабарлады. Коронавирустық инфекцияның Қазақстан аумағына әкелінуі мен таралуын болдырмау үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Сіздерден, құрметті азаматтар, әлеуметтік желілердегі негізсіз ақпараттарға сеніп қалмауларыңызды және тек ресми ақпарат көздеріне сүйенулеріңізді сұраймыз. Барлық сенімді ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитетінің ресми сайттарынан және министрлік пен осы аталған комитеттің Facebook-тегі парақшаларынан таныса аласыз, делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы