Алматы облысы әкімінің орынбасары жаңадан тағайындалды

facebook/zhukel.galymurat
Бұл лауазымды қызметке Серік Тұрдалиев келді.

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өзінің жаңа орынбасары Серік Тұрдалиевті облыс активімен таныстырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Серік Тұрдалиев 1969 жылы 5 сәуірде Қазақ КСР-де дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын тәмамдаған. Ұйымдастырушы-экономист, іскери әкімшілендіру магистрі

Еңбек өтілі:

бірқатар коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімідігінің бас маманы, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары, көмекшісі, кеңесшісі;

"Қазақмыс" корпорациясының Қаржы және инвестициялар жөніндегі директоры;

"Қазақстан Халық банкі" АҚ атқарушы директоры;

"Қазақмыс" корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары, "Қазақмыс" корпорациясының вице-президенті, аппарат басшысы, "Қазақмыс" компаниялар тобы әкімшілігінің басшысы (2008-2012 жж.);

Алматы облысы әкімінің орынбасары (03.2012 ж. бастап)

Айта кетсек, алдында Бағдат Мәнізоров 2019 жылдың 12 шілдесінде Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне келген. 2019 жылдың күзінде Мәнізоровтың жемқорлық күдігімен біресе ұсталғаны, біресе босатылғаны, сосын тіпті оған қарсы қылмыстық істің тоқтатылғаны туралы ақпараттар тараған. Ақыры Бағдат Мәнізоров өз еркімен қызметінен кетті. Мәнізоров арызды отбасылық жағдайларына байланысты өз еркімен жазғанын жеткізді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары: ережелер жаңартылды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Құламбаева WTA 250 турнирлерінде екінші апта қатарынан жартылай финалға шықты