Алматы облысы әкімдігі аппаратына жаңа басшы тағайындалды

Алматы облысы әкімдігі
Бұл лауазымды қызметке Төлеген Сарсембаев келді.

2 наурызда облыс активімен кездесуде аймақ басшысы Амандық Баталов Алматы облысы әкімдігі аппаратының жаңа басшысы Сәрсембаев Төлеген Қапсалықұлын таныстырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Төлеген Сарсембаев 1968 жылы туған. Алматы халық шаруашылығы институтын, Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін экономист, заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы малдәрігерлік институтының Ақсай оқу-тәжірибелік фермасында есепші болып бастаған.

Алматы малдәрігерлік институтының Ақсай оқу-тәжірибелік фермасында жоспарлау-шаруашылық бөлімінің бастығы, ревизор, аға, бас ревизор, Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің Алматы қаласы басқармасы, Алматы облыстық басқармасының бөлімдерінде бастық болған. Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша салық комитетінің сектор меңгерушісі, бас салық инспекторы, бөлім бастығы қызметтерін атқарған. Алматы қаласы Түрксіб, Бостандық аудандарының Салық комитетінде, Қызылорда, Жамбыл облыстары, ШҚО бойынша Салық комитетінің басшылығында да лауазымды қызметтер атқарды, Мемлекеттік кірістер департаментінің Павлодар облысы бойынша басшысы, Оңтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары әкімдерінің орынбасары болған.

2019 жылдың мамыр айынан бастап Мемлекеттік кірістер департаментінің Алматы облысы бойынша басшысы болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді