Коронавирус жұқтырған науқасты жасырып ұстау мүмкін бе?

Total.kz
Олар он-лайн режимде өзіне қатысты барлық ақпаратты туыстарына жолдап отырады. Ал науқастан оның нақты диагнозын жасыру мүмкін емес. Ақпараттық кеңістік толығымен ашық.

Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің басшысы Людмила Бюрабекова Қазақстанда коронавирус ауруы фактілерін жасыруға болатын-болмайтынына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бурабековаға көптеген адамдарды толғандыратын сұрақ қойылды: бұл факт коронавируспен ауыратын адамнан жасырылып, оны, мысалы, тұмауға қарсы емдеуге бола ма?

Аурудың өзі адам жасына қарай жеңіл формалардан бастап, ауыр асқынған түріне дейін дамиды. Мұны жасыру мүмкін емес. Мысалы, қазірдің өзінде жапон кемесінде карантинге түскен жолаушылар телефон арқылы жан-жағымен сөйлесіп, әлеуметтік желілер, Интернет арқылы бәрімен байланыста. Олар он-лайн режимде өзіне қатысты барлық ақпаратты туыстарына жолдап отырады. Ал науқастан оның нақты диагнозын жасыру мүмкін емес. Ақпараттық кеңістік толығымен ашық, - деп жауап берді ол.

Бюрабекова қазір коронавирус күдігімен оқшауланған кейбір азаматтар бар екенін айтты. Бірақ инфекция расталмады, дегенмен тұмаудың ауыр түрлері шықты. Қазір содан олар емделіп жатыр.

Коронавирусты емдеу басқа ауруларды емдеу тәсілінен айырмашылығы бар ма дегенге келетін болсақ, ол былай деді:

Жалпы, вирусқа қарсы терапия сияқты еш айырмашылығы жоқ, бірақ егер асқыну болса, онда Қытайда басқа да ауыр дәрілер қолданылды, біз де соны пайдаланатын боламыз. Бізде ол дәрі-дәрмектердің қоры бар, сатып алынып қойған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты