Ұлттық банк базалық сыйақы мөлшерлемесін 12 процентке дейін көтерді

inbussines.kz
Базалық сыйақы мөлшерлемесін өсіру туралы шешім әлемдік экономикадағы жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты қабылданды.

ҚР Ұлттық банкі сыртқы сектор тарапынан болатын тәуекелдердің теріс әсері аясында бағаның тұрақтылығын сақтау қажеттілігіне байланысты базалық сыйақы мөлшерлеме деңгейіне қатысты төтенше шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

2020 жылдың 10 наурызынан бастап жылдық базалық сыйақы мөлшерлеме 12% деңгейінде +/- 1,5 процент ауытқу мүмкіндігімен белгіленді. Осыған байланысты ақша өтімділігін қамтамасыз ету үшін өткізу бойынша тұрақты операциялар ставкасы 13,5%, ал алу операциялары бойынша - 10,5% құрайды, делінген Ұлттық банктің хабарламасында.

Базалық сыйақы мөлшерлемесін өсіру туралы шешім әлемдік экономикадағы жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты қабылданды. COVID-19 коронавирусының таралу масштабының кеңеюі Қытай мен Еуропалық Одақ сияқты қазақстандық экспортты негізгі тұтынушы елдердің экономикалық даму перспективаларының нашарлауының негізгі факторы болды.

Brent маркалы мұнайдың бағасы 2020 жылдың 9 наурызында ОПЕК + отырысына қатысушылардың мұнай өндірісін қысқарту туралы келісім-шарттар бойынша келіссөзі сәтсіз аяқталып, мұнай бағасы күрт төмендеді. Әлемдік нарықта қара алтынның бір баррелі 31-36,5 АҚШ доллары деңгейінде болып, бір сәттегі құлдырау 30% құрады. Ұлттық банктің ақша-несие саясаты инфляциялық таргеттеу аясында жүргізіліп, сыртқыдүрбелеңнің ел экономикасына әсерінің алдын алуға, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және теңге активтерін қорғауға бағытталған, делінген хабарламада.

Сонымен қатар Ұлттық банк бұрынғыдай ұлттық валютаның өзгермелі бағамын ары қарай ұстана беретінін де айтады.

Қажет болған жағдайда қаржы жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін валюталық интервенциялар жүүргізіледі.

Ұлттық банк ішкі ақша және валюта сегменттеріндегі, сондай-ақ әлемдік тауар нарықтарындағы жағдайды үнемі қадағалап отырады әрі қажет болған жағдайда қосымша шаралар қабылдайды.

қаржылық тұрақтылықтың қосымша шараларын қабылдау.

Ұлттық банктің базалық сыйақы мөлшерлемесі бойынша келесі шешімі 2020 жылдың 16 наурызында Нұр-Сұлтан уақытымен 15: 00-де жарияланады.

10 наурызға дейін базалық сыйақы мөлшерлемесі 9,25% деңгейінде болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев