Тоқаев Қорғаныс министріне бірқатар нақты тапсырма берді

Ақорда
Жоғарғы Бас қолбасшы Қорғаныс министріне әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын көтеруге және әскери кадрларды дайындау сапасын арттыруға, сондай-ақ, әскери тәртіпті күшейту шараларын қабылдауға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысына әлемдегі заманауи қауіп-қатерлерді ескере отырып, Қарулы Күштерді қалыптастырудың және дамытудың тұжырымдамасын пысықтау, сондай-ақ, қару-жарақтарды, оқ-дәрілерді, әскери техникаларды инвентаризациялау және тексеру жұмыстары туралы баяндалды.

Нұрлан Ермекбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің геосаяси және экономикалық бағыттағы сын-қатерлерді мониторингтеу бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары, халықаралық әскери ынтымақтастық мәселелер туралы айтты. Сонымен қатар еліміздің Қарулы Күштерін тиімді басқаруды жақсартуға және қорғаныс қабілетін арттыруға негізделген заң жобасын дайындау жайында мәлімет берді.

Мемлекет басшысы Қарулы Күштердің, оқ-дәрі қоймаларының, полигондар мен әскери қалашықтардың инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстарын жүргізуге баса мән берді.

Кездесу қорытындысы бойынша Жоғарғы Бас қолбасшы Қорғаныс министріне әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын көтеруге және әскери кадрларды дайындау сапасын арттыруға, сондай-ақ, әскери тәртіпті күшейту шараларын қабылдауға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты