Қытайда коронавирустың беті қайтты. Си Цзиньпин Уханьда жүр

Xie Huanchi/Xinhua/Global Look Press
Қытайда өткен тәулікте инфекция жұқтырудың 19 дерегі тіркелген.

10 наурызда Си Цзиньпин Ухань қаласына індет басталғаннан бері алғаш рет келді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қытай басшысы осында он күнде апаттық жағдайда салынған жұқпалы аурулар ауруханасында болып, кейбір науқастармен және дәрігерлермен видеобайланысқа шықты, сондай-ақ қала тұрғындарымен кездесті.

Коронавирустың таралуы іс жүзінде тоқтатылды, - деді ол.

Euronews ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осыдан біраз уақыт бұрын Ұлттық денсаулық сақтау министрлігі Қытайда өткен тәулікте инфекция жұқтырудың 19 дерегі тіркелгенін хабарлады. Салыстырмалы түрде Италияны алатын болсақ, онда бір күнде 1800 инфекция жұқтырған.

Қаңтардың аяғында Хубэй провинциясы толығымен оқшауланды. 10 наурыздан бастап инфекцияны мүлде жұқтырмаған және жұқтырғандармен тығыз байланыста болмаған адамдарға еркін жүруге рұқсат етіледі, онда да өз өңірі айналысында ғана. Бірақ мұндай рұқсат Ухань тұрғындарына берілмейтіні де нақты көрсетілген.

Бүгінде Қытайда коронавируспен ауыратын 80,5 мыңнан астам науқас бар. Үш мыңнан астамы қайтыс болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі