Бас прокуратура Қордай оқиғасы туралы: Бес адам ұсталды

ҚР ІІМ ТЖК
Қордай оқиғасына қатысты 120-ға жуық қылмыстық іс қозғалды.

ҚР Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев Жамбыл облысының Кордай ауданында ақпан айының басында болған жаппай тәртіпсіздік фактілері бойынша қанша адам ұсталғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қордай оқиғасына байланысты бес адам ұсталды ғой деймін. Екі - бұзақылық, онда да егде адамды ұру және полиция қызметкерлеріне бағынбау фактілері бойынша. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында көптеп айтылды. Қалғаны: бөтеннің мүлкін өртеу, кісі өлтіру фактілері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Сондықтан әзірге ешкімді ұстаған жоқпыз. Себебі, тексерілуі тиіс материалдар өте көп, - деді Дембаев.

Алайда, ол қалған істер бойынша күдіктілердің әлі анықталмағанын қадап айтты.

Әлі анықталған жоқ. Видео жазбалар қаралып жатыр. Осыдан кейін шешім қабылданады, - деп сөзін қорытындылады Бас прокурордың орынбасары.

Бұған дейін Қордай оқиғасына қатысты 120-ға жуық қылмыстық іс қозғалды деп хабарланған болатын.

7 ақпанда шамамен 19.00 уақытында Қордай ауданы ауылының шетінде 70-ке жуық жігіт жиналып, топтық төбелес басталған. Оқыс оқиға барысында 185 азамат зардап шекті, оның 34-і ауруханаға жеткізілді, 11 адам қайтыс болды. Сондай-ақ, 39 тұрғын үй, 20 сауда нысаны және 47 автокөлік өртенді.

Тоқаев қайтыс болған азаматтардың туыстары мен жақындарына шын ниетімен көңіл айтты және Үкіметке бұл бағытта бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты