Каникулға ерте шықпайсыңдар! Алматы облысының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды

ptoday.ru
Әкімдіктегілер бұл ақпаратты жоққа шығарды.

instagram желісінде Алматы облысындағы мектептердің бірінің ата-аналарының үндеуі жарияланды. Онда оқушыларды 16 наурыздан бастап демалысқа жібермей жатқаны айтылған. Облыс әкімінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл арада Еңбекшіқазақ ауданындағы Ораза Жандосов атындағы мектеп туралы айтылып жатыр.

Қазақстанда 16 наурыздан 5 сәуірге дейін оқушыларды ерте каникулға жіберетіні жарияланды, ал біздің мектепте бұл жоқ! Менің қызым БЖБ, ТЖБ жасап жатырмыз, үлгермейміз, сондықтан 20 наурыздан кейін демалыс болады дейді? Неліктен ауылдардағы мектептерді тексермейді? Онда қол жуатын дұрыс орын да жоқ, бүкіл үш қабаттағы мың оқушыға екі-ақ шүмек! Неліктен бәрі ерте демалысқа кеткенде біздікілер мектепте отыруы тиіс? Маған осыны анықтауға көмектесіңіздерші !!! - делінген хабарламада (емле мен тыныс белгілері сақталды).

Біз Алматы облысының әкімдігінде хабарластық. Олар бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Бұйрық қазірдің өзінде шығып қойған - барлық мектептер 16 наурыздан бастап демалысқа шығады. Сондықтан бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, - деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз