Атырау облысында мәдениет саласының басшылары ірі көлемде ұрлық жасады

zakon.kz
Атырау облысының мәдениет саласының бірқатар лауазымды тұлғалары аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды.

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін "Атырау облысының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы С. Сабырға, "Н. Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясы" КМҚК бұрынғы директоры Ғ. Дүйсенғалиевке, басқарманың бухгалтерлік есеп, есептілік және қаржы-экономикалық қызмет бөлімінің бұрынғы басшысы А.Рахматулинаға және бұрынғы бухгалтер Г.Самариденоваға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Сабыр және басқалар лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану және мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу сылтауымен үлестес тұлғалар арқылы қолма-қол ақшаға аудару арқылы сеніп тапсырылған бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқыру бойынша күдікті деп танылды.

Ағымдағы жылдың 16 наурызында Атырау қаласының №2 сотының үкімімен: Сабыр орташа қауіпсіз мекемеде жазасын өтеумен 7 жылға бас бостандығынан айырылды, Дүйсенғалиевтің 7 жылға бас бостандығы шектелді, Самариденова мен Рахматулина жазаны өтеуді 5 жылға дейін кейінге қалдырумен 7 жылға бас бостандықтарынан айрылды.

Сотталған лауазымды тұлғалар өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты