Полицейлер Ескелді ауданының аумағында "Фольксваген Транспортер" шағын автобусын тоқтатқан. Өз көлігіндегі 700 килограмман асатын балыққа қатысты жүргізуші ешқандай тиісті құжаттар көрсете алмаған, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ірі көлемде балықты заңсыз тасымалдаумен айналысқан азаматтардың ақпаратына сәйкес, олар балықты Текелі қаласында сату мақсатында әкеле жатқан. Көліктегі балықтар тәркіленіп, тиісті қабылдау орындарына өткізілді. Балықтан түскен қаражат мемлекет пайдасына аударылатынын атып өту қажет. Сонымен қатар, қазіргі уақытта аталған дерек бойынша мемлекетке келтірілген материалдық шығын анықталуда. Тиісті тексерулерден кейін нақты процессуалдық шешім қабылданады.
Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, Алматы облысы аумағында жыл басынан бері табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 257 дерегі тіркелген. Нәтижесінде 3 тоннаға жуық балық тәркіленген. Браконьерлікпен айналысқан тұлғалардан 3 қайық пен 121 құқық бұзушылық жасау құралы, оның ішінде 30 мылтық табылып, тәркіленген.