Хаменова Мәжілістегі депутаттық орнын босатты

Атырау облысының әкімдігі
Бақытгүл Хаменова жақында Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған.

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Бақытгүл Хаменованың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды zakon.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Сізге барлық әріптестеріміздің атынан Мәжілісте бірлесіп атқарған жұмыс үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Сіз өзіңіздің біліміңіз және мол тәжірибеңіздің арқасында алдағы уақытта да Атырау облысының дамуына да зор үлес қосасыз деп сенім білдіреміз. Сондай-ақ жұмысыңыз табысты болсын», - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Бақытгүл Хаменова жақында Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған.

Бақытгүл Хаменова Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандығымен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын бітірген.

Кейін Атырау мұнай және газ институтын, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған. Филология ғылымдарының кандидаты.

2016 жылғы 24 наурыздан бастап алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады