Бетон қоршау тұрады: Алматының блок бекеттері қай жерлерде құрылады

italtechnostroy.by
Блок бекеттер қалаға кіретін барлық жолдарда құрылады.

19 наурызда сағат 00:00-ден бастап Алматыда карантин, көлік құралдарының қалаға кіріп-шығуы шектеледі.

Блок бекеттер қалаға кіретін барлық жолдарда орналастырылады, оның ішінде 10 магистральда тұрады. Блок бекеттер құрылатын жерлерді мына жерден көруге болады.

– ТЖ режимін бұзу немесе талаптарды орындамау үшін жаза ретінде он АЕК көлеміндегі айыппұлдан бастап он бес тәулікке әкімшілік қамау жазасы көзделген. Төтенше жағдай жарияланған жерде билік өкілінің заңды талабына бағынбау немесе бұйрығын орындамау 2000 АЕК айыппұлға немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғуы мүмкін, – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Полиция төтенше жағдай кезінде көпе-көрінеу жалған ақпараттарға да жол бермейтінін жеткізді. Бұл әрекеттер үшін үш жылдан жеті жылға дейін соттайтын заңдар бар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді