Мұхтар Жәкішев бостандыққа шықты

видеодан алынды видеодан алынды
Бүгін - 19 наурызда шешім өз күшіне еніп, Жәкішев түрмені тастап, бостандыққа шықты.

Семейдегі ОВ-156/14 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен Мұхтар Жәкішев бостандыққа шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Оны қолдаған бір топ адам түрме қақпасы алдынан қарсы алды. Ол таңертең шығады деп күтілген. Жәкішевті мінгізген көлік түрме территориясынан сағат 10.20 шамасында шықты.

3 наурызда Семейде "Қазатомөнеркәсіптің" бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің ісі бойынша сот отырысы өтті. Судья оның шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды. Бүгін - 19 наурызда шешім өз күшіне еніп, Жәкішев түрмені тастап, бостандыққа шықты.

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясының бұрынғы басшысы 2009 жылы ірі уран кен орындарындағы мемлекет акцияларын сатты деген айыппен ұсталған. 2010 жылы сот Жәкішевті ақша жымқырды және пара алды деп айыптады. Оған 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

2018 жылы 28 қарашада Семей соты 99,6 млрд теңге көлемінде өтемақы төлемегендіктен Жәкішевті шартты түрде мерзімінен бұрын бас тартты. Екінші рет, шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартты. 2019 жылдың 24 шілдесінде де осы негіздегі өтініш қанағаттандырылмады. Ол шартты түрде мерзімінен босату туралы үшінші өтініш жолдады. Ол сотқа 6 ақпанда келіп түсті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Ассамблеяның басты міндеттерін атады

Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадтың өтетін күні белгілі болды

Тоқаев: Араздыққа алып келетін барлық арандатушылықтың жолын кесу қажет

Қостанайда ер адам көліктің ішінде өртеніп кетті

Қытай айда АЭС салуды жоспарлап отыр