Досаев Президентке валюта нарығындағы жағдай бойынша есеп берді

Ақорда
Мемлекет басшысы валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін Ұлттық банктің, Үкіметтің және ұлттық холдингтердің үйлесімді жұмыс жүргізіп, тиімді шешімдер қабылдауының маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың есебін тыңдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ерболат Досаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа валюта нарығы мен қаржы саласындағы қазіргі ахуал туралы айтты.

Ақорда сайтындағы мәліметке сүйенсек, Ұлттық банк төрағасы Қазақстанның қор биржасындағы "теңге-доллар" саудасы кезінде Франкфурт аукционы әдісін уақытша енгізу, сондай-ақ, қаржылық тұрақтылық пен іскерлік белсенділікті сақтау мақсатында ақша-кредит саясатына қатысты қабылданған шаралар жайында баяндады.

Мемлекет басшысы валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін Ұлттық банктің, Үкіметтің және ұлттық холдингтердің үйлесімді жұмыс жүргізіп, тиімді шешімдер қабылдауының маңыздылығын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, инфляция деңгейінің өсуіне қарсы жұмыстарға ерекше назар аудару керек.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент отандық кәсіпорындарға несие беруге, олардың операциялық қызметін қаржыландыруға қатысты кешенді қолдау шараларын қабылдауды тапсырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі