Ұлттық Банк айырбастау пункттерінде валюта бағамының ауытқу шектерін белгіледі

pixabay.com
Бұл шаралар елде төтенше жағдай режимінің қолданылу уақытында ішкі валюта нарығына сыртқы факторлардың тұрақсыздандыратын әсерін шектеуге және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағытталған.

Қазақстан Ұлттық Банкі қаржы нарығы қатысушыларының валюталарды сатып алу және сату бағамдары арасында негізсіз жоғары маржаны орнатуына жол бермеу бойынша шұғыл шаралар қабылдады, zakon.kz.

2020 жылғы 19 наурызда "Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының №33 қаулысы қабылданды.

Қаулыда уәкілетті банктердің және уәкілетті ұйымдардың (банктік емес айырбастау пункттері) айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін:

1) АҚШ доллары - 6 теңге;

2) еуро - 7 теңге етіп белгілеу көзделеді.

Бұл шаралар елде төтенше жағдай режимінің қолданылу уақытында ("Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығы) іске асады және ішкі валюта нарығына сыртқы факторлардың тұрақсыздандыратын әсерін шектеуге және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағытталған.

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды