ҚР Президенті мен БҰҰ Бас хатшысы әлемдегі жағдайды талқылады

Ақорда
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның кең көлемдегі халықаралық ынтымақтастықты реттеу және коронавирус пандемиясына қарсы күресте жекелеген мемлекеттердің іс-қимылдарын үйлестіру жөніндегі бастамаларын Қазақстанның қолдайтынын мәлімдеді.

Бүгін - 24 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Тараптар әлемдегі ахуалдың қазіргідей жауапты кезеңінде өзара ықпалдастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның кең көлемдегі халықаралық ынтымақтастықты реттеу және коронавирус пандемиясына қарсы күресте жекелеген мемлекеттердің іс-қимылдарын үйлестіру жөніндегі бастамаларын Қазақстанның қолдайтынын мәлімдеді. Президенттің айтуынша, БҰҰ Бас хатшысының жаһандық келісім жариялау, барлық соғыстар мен қақтығыстарды тоқтату туралы жуырда айтқан ұсынысы өзекті бастама және барлық қатысушы мемлекеттердің қолдауына лайықты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш әлемдік ұйымның құрылғанына 75 жыл толуына арналған БҰҰ Бас Ассамблеясының алдағы мерекелік сессиясына дайындық мәселелерін талқылады. Мемлекет басшысы Қазақстанның БҰҰ-ның мақсаттары мен міндеттерін толық қолдайтынын, бірегей әрі баламасы жоқ институтты одан әрі дамыта беруге атсалысатынын айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз