Дәрігерлер коронавирустан көз жұмған әйел туралы: Екі қалада қонақта болған...

kuban24.tv
Әйел адам ЖРВИ және коронавирус науқастармен байланыста болмаған, шетелге шықпаған. 13 мен 17 наурыз аралығында Алматы және Шу қалаларында қонақта болған.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы коронавирус инфекциясынан қайтыс болған 64 жастағы қазақстандық әйелге қатысты егжей-тегжейлі мәлімет берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Өлімнің себебі - екі жақты пневмония, тыныс алу жеткіліксіздігі, қант диабеті, сепсис, гипертония және атеросклероз. Пневмонияның себебі - коронавирус. 25 наурыз күні таңертеңгі сағат 07:00-де әйелді жедел медициналық жәрдем медициналық мекемесіне тыныс алу жеткіліксіздігімен, интоксикация синдромдарымен және қатар жүретін патологияның салдарынан ауыр жағдайда алып келді. Алгоритмге сәйкес, ЖРВИ диагнозы қойыла отырып, COVID-19 деген күдікпен хабарлама жіберілді. Ол №2 көпсалалы аурухананың жансақтау бөліміне оқшауланған палатаға түсті, - деді Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сүлен Ілиясов.

Туыстарының айтуынша, әйел адам ЖРВИ және коронавирус науқастармен байланыста болмаған, шетелге шықпаған. 13 мен 17 наурыз аралығында Алматы және Шу қалаларында қонақта болған.

Науқаспен байланыста болған адамдар оқшауланып, олардан тест алынды.

Науқас түскен №2 көпсалалы облыстық ауруханаға осы үйдегі адамдар да жатқызылды. Оларға зертханалық талдау жүргізіледі, үнемі медициналық бақылауда болады, - деді Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары Серік Омарханов.

Оның айтуынша, қазір барлық эпидемияға қарсы шаралар кешені түрде жүргізіліп жатыр. Жерлеу рәсімінен кейін де үй дезинфекцияланады.

26 наурызда Қазақстан азаматы коронавирус ауруынан қайтыс болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты