Шетелге барған қызынан жұққан. Өзбекстанда коронавирустан ер адам көз жұмды

tvernews.ru
Ол жүрек ұстамасынан көз жұмды.

Өзбекстанда коронавирус жұқтырған науқас миокард инфарктісінен қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

CentralAsia (UZ) агенттігінің хабарлауынша, 26 наурызда созылмалы ауруымен есепте тұрған Наманган қаласының 72 жастағы тұрғыны облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына коронавирус инфекциясы күдігімен түсті. Сол күні сағат 23:00 шамасында арнайы жүргізілген зертханалық зерттеулер нәтижесі онда коронавирус инфекциясы барын растады.

Ер адам мұны Түркияға сапарлап 12 наурызда оралған қызы М.-дан жұқтырған. Оған да коронавирус диагнозы қойылып, карантинге жатқызылды.

Науқас көптеген жылдар бойы қант диабетімен, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі дертімен ауырады. Ол дәрігерлердің жасаған реанимациялық шараларына қарамастан 27 наурызда таңертең 4:30-да жедел миокард инфарктісінен қайтыс болды, деп хабарлады министрліктегілер.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз