Биылғы егіс науқаны үшін жеңілдетілген несие түрінде 70 млрд теңге бөлінді

"ҚазАгро" ҰБХ" АҚ
Көктемгі дала жұмыстары мен егін жинау науқаны үшін елімізде мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жеңілдетілген несие алған.

Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстары жалғасын табуда. Ал еліміздегі көктемгі егіс және егін жинау науқанына ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін жеңілдетілген несие алуға 70 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды "Хабар 24".

Шаруаларға бұл қаражатты таратуға қаржыландыру операторы ретінде "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ бекітілген. Қазір жер емген диқандар "Кең дала" бағдарламасы арқылы төмен пайызбен несиеге қол жеткізуде. Мақтарал ауданында тұратын Әбжаппар Сыдықов 30 гектар жеріне мақта егеді. Шаруаның көктемнен бастап ала жаздай атқарған жұмысына отбасы да көмек береді. Қазір диқан дала жұмыстарының басы-қасында жүр. Мақталық алқапта жұмыс қызу.

"Кең дала" бағдарламасымен алған жеңілдетілген несие қажетімізге жарап тұр. "Бұл жер емген диқанға үлкен қолдау", - дейді ол.

Әбжаппар Сыдықов, шаруа:

- Жылда осы көктемнен бастап қаржыландырады. Наурыз-сәуір айынан. Соған біз жаз бойы жұмсаймыз сол қаражатты.

Көктемгі дала жұмыстары мен егін жинау науқаны үшін елімізде мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жеңілдетілген несие алған. Ал шаруалардан кредит өтінімдеріне құжаттарды Аграрлық несие корпорациясы өткен жылдың желтоқсан айынан бастап қабылдаған.

Ақылжан Сарыбай, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ ШФ директорының орынбасары:

- Шаруалардан несиеге тапсырыстар қабылдадық. Олар бұл айналым қаражатына тұқым сатып алады. Дала жұмыстары үшін жұмсайды. Диқандар үшін "Кең дала" бағдарламасы төмен пайызбен беріледі әрі сыйақы мөлшерлемесі 5%-тен аспайды.

"Кең дала" бағдарламасы аясында қазірдің өзінде 29 млрд-тан астам теңге еліміздегі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне таратылып берілген. Несиелеу жұмыстары өңірлерден өтінімдердің түсуіне қарай жүзеге асырылады дейді мамандар. Жыл соңына дейін "Аграрлық несие корпорациясы" 2 мыңнан астам шаруаға несие беруді жоспарлаған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты