ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясы ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында Мемлекеттік комиссия эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің еңбекақысына ай сайынғы бекітілген үстеме ақы белгілеу туралы шешімді бекітті, деп хабарлайды zakon.kz.
ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жоғары жалақымен коронавируспен күреске жұмылдырылған дәрігерлер үш айы бойына үш топқа бөліп қамсыздандырылады.
Төлемдер коронавирусты жұқтыру қаупі бар үш топ бойынша 3 айдың ішінде жүргізіледі:
"Қауіптілігі аса жоғары" — реанимация бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстеме ақы 20 ең төменгі жалақыны құрайды (жалақының ең төменгi мөлшерi (ЖТМ) - 850 мың теңге).
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бұл топтың құрамына 3284 маман кіретінін айтты. Егер олар алатын орташа жалақыны қоссаңыз, онда олар айына 1 миллион теңгеден аса алады.
"Қауіптілігі жоғары" – провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстеме ақы 10 ЖТМ (425 мың теңге) құрайды.
Бұл бағытта 11 951 маман жұмыс істейді. Орташа жалақыны ескерсек, онда олар айына шамамен 600 мың теңге алады, - деді Абаев.
"Қауіптілігі орташа" – карантиндік стационарлардағы дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер (мемлекеттік қызметкерлер), жедел жәрдем жүргізушілері және т. б. Үстеме ақы 5 ЖТМ (212,5 мың теңге) құрайды.
Үшінші топ - 10 993 адам, орташа жалақысымен есептегенде, шамамен олар 380 мың теңгеден жалақы алатын болады.
Үкімет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін сақтандыруды қамтамасыз етуді тапсырды.
Медициналық қызметкер коронавирустық инфекциямен ауырған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінетін бір реттік әлеуметтік төлем көлемі 2 млн теңгені, ал көз жұмған жағдайда 10 млн теңгені құрайды.
Отырыс барысында әлеуметтік әлжуаз топтағы тұрғындар мен төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты жұмысынан уақытша айырылған азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсету мәселесіне ерекше назар аударылды.
"Мұқтаж азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсетудің тиімділігін қамтамасыз ету қажет. Бұл ретте көмекті тағайындау тетігі тұрғындар үшін барынша қарапайым әрі қолайлы болуы тиіс", — деді А. Мамин.