Қырғызстанда ауылдықтар өз елді-мекеніне қалалықтарды кіргізбей жатыр

turmush.kg
Әкімдіктің рұқсат қағазы бар адамдар ғана ауылға кіре алады.

Қырғызстанның Ош облысындағы Тоғайлы ауылының жастары қолдан тосқауыл бекетін құрды, деп хабарлайды zakon.kz turmush.kg сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауылға басқа елді мекендердің тұрғындары, соның ішінде қонаққа келушілер кірмейді. Әкімдіктің рұқсат қағазы бар адамдар ғана ауылға кіре алады.

Біздің ауылымыздың қауіпсіздігі үшін ауыл жастары жиналып, ақылдасып, пост құрды. Бізде көпір бар, оның екі жағын шынжырмен жауып тастадық. Жастар күн сайын алмасып кезекшілік етеді. Алдымен 1989 жылы туған ауыл тұрғындары кезекшілікке кірісті. Қазір постта 1986 жылғылар тұр. Бекетте жай тұрмаймыз, ауылға кірген көліктерді зарарсыздандырамыз", - деді Адыл Қалилбайұлы.

Оның айтуынша, ауыл тұрғындары дезинфекцияға қажетті барлық материалдарды, соның ішінде хлорды да алып келген. Сонымен қатар, көшелерде жастар ауыл тұрғындарын үйде болуға шақырады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді