Қазақстандықтар мобильді қосымша арқылы коронавирусқа онлайн диагностикадан өте алады

Илья Евстигнеев / PRIMPRESS
Сауалнаманы толтыру үшін азаматтар 12 сұраққа Иә/Жоқ деп жауап береді.

"Электронды үкімет" порталының eGovMobile мобильді қосымшасы арқылы коронавирус белгілерін анықтау үшін онлайн сауалнамадан өтуге болады, деп хабарлады coronavirus2020.kz.

Қызметтің бұл түрі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ бірлескен жұмысының нәтижесінде жасалды.

"Коронавирустың белгілерін анықтау бойынша өзін-өзі онлайн диагностикалау қызметі eGovMobile қосымшасының басты бетінде "COVID-19 белгілері бойынша сауалнама" атауымен жеке батырма ретінде орналасқан. Қызмет үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) қолжетімді.

Сауалнаманы толтыру үшін азаматтар 12 сұраққа Иә/Жоқ деп жауап береді, қажет болған жағдайда жеке ақпараттарды енгізеді. Толтырып болғаннан кейін "Сауалнаманы жіберу" батырмасын басу керек", - делінген хабарламада.

Ақпарат ары қарай өңдеуден өту үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне түседі. Сонымен қатар азаматтар eGovMobile арқылы "COVID-19 картасы", "COVID-19 туралы FAQ" қызметтерінен коронавирус туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала алады.

Сондай-ақ мобильді қосымша нақты уақыт режимінде Қазақстан аумағындағы вирустың таралу жағдайы мен індеті расталғандармен қатынаста болғандар жайлы өзекті ақпараттарды ұсынады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады