Павлодар облысында коронавирустан көз жұмған марқұм туралы тың мәлімет жарияланды

RN7
8 сәуірде полисегментальды пневмония және созылмалы обструктивті өкпе ауруы диагнозымен ауруханаға түскен 1936 жылғы Павлодар қаласының тұрғыны қайтыс болды.

Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау басқармасы бастығының орынбасары Замзагүл Дощанова Павлодарда коронавирустық инфекциясынан алғаш тіркелген өлім фактісі туралы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

9 сәуірде Павлодар облысында коронавирус инфекциясының екі жаңа жағдайы анықталды. Өкінішке орай, олардың бірі өліммен аяқталды, - деді Дощанова.

Оның айтуынша, 8 сәуірде полисегментальды пневмония және созылмалы обструктивті өкпе ауруы диагнозымен ауруханаға түскен 1936 жылғы Павлодар қаласының тұрғыны қайтыс болды.

Сол күні науқас коронавирус инфекциясына тексерілді, келесі күні талдаудың оң нәтиже бергені белгілі болды.

Бұл науқаста бронх демікпесі, жүректің ишемиялық ауруы, 3 дәрежелі гипертония және терінің қатерлі ісігі сияқты бірқатар созылмалы аурулар болған. Бұл аурулар науқастың жағдайының ауырлығын күшейтті. Ол кісімен байланыста болған адамдардың шеңбері анықталды. Бұл - 118 адам. 50 адам ауруханаға жатқызылды, 68-і - үй карантинінде , - деді Дощанова.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз